{metadescription}
Әкімнің жыныстық қатынас кезіндегі суреттері желіде тарады

Әкімнің жыныстық қатынас кезіндегі суреттері желіде тарады

Мәлімет бойынша, ол 26 тамызда "өз міндетін атқара алмаған" деп жұмыстан босатылған.

Өзбекстанның Әндижан қаласының әкімі Дилмурод Рахматуллаев қызметінен босатылды. Рахматуллаевты жұмыстан шығаруға тұрғындардан түскен оның жұмысына қатысты шағымдары себеп болған. Алайда, кейбір өзбекстандық басылымдар, Әндіжан әкімінің жыныстық қатынас кезіндегі суреттерінің желіде тарап кеткеннен кейін қызметінен босатылғанын жазады.

Интернет сайтына Дилмурод Рахматуллаевқа ұқсас ер адам мен әйелдің төсек қатынасы кезіндегі құшақтасқан суреті мен видеосы келіп түскен. Кейбіреулердің айтуынша, бұл суреттерді оның көңілдесі түсірген.

Өйткені әйелдің көзі мен кеудесі көрсетілмейді, ал ер адамның денесі ашық. Дилмурод Рахматуллаевтың абыройын осылайша төгуге кімнің септігі бары әзірге белгісіз. Белгілі болғандай, Дилмурод Рахматуллаев Әндижан қаласын 2016 жылдан бері басқарып келген.

Оның орнына уақытша әкім болып Бахромжон Носирбайұлы Хайдаров (1972 ж.т.) келді. Ол бұрын Андижан облысы әкімдігінің Бас Қаржы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.