«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
08:17 28.08.2019
27 тамызда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыста магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындарында оқуы үшін 188 жас қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің толық тізімімен мына сілтеме бойынша көре аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстанда психикалық және мінез-құлық аурулары бар тұлғаларға мұғалім болып жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!