Қаңғыбас ит тамақ сұрау үшін ешкім ойламаған қулыққа барды
Айлакер ит осы қылығымен желі жұлдызы атанды.
21:11 29.08.2019
Бангкок көшелеріндегі қаңғыбас ит адамдардың назарын аударып, тамақ сұрау үшін жараланған кейіп танытады. Гае деген лақап атты қаңғыбас ит жаяу жүргіншілерді немесе жолай өтіп бара жатқан көлікті көрсе, арты аяғын сүйретіп, ақсаңдай бастайды екен. Ал адамдар жақындаса, орнынан тұрып, оларды айнала бастайды.
Жергілікті тұрғын Тавипорн Чонгплаполкулсэдтің айтуынша, ит жұмысының қасында баяғыдан бері жүреді, осы қулығын үнемі жасайтын көрінеді.
"Күріш берсем де, осы айласын тастамайды. Адамдардан тамақ сұрау үшін сөйтетін шығар деп ойлаймын", - дейді ол.
Әйел қаңғыбас иттерге үнемі қамқор болып жүреді екен. Бір күні Гаенің аяғын тексеріп, оның дін аман екеніне көз жеткізіпті. "Ақсаңдаған" иттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұртшылық оның айлакерлігіне аң-таң.
"Бұрынғы өмірінде бұл ит адам болған шығар", - деп жазады LindaVasconcell.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!