{metadescription}
Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін, республиканың басым бөлігі циклонның және онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болады.

Сол себепті ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың кей жерлерінде жауын мол көлемде жауады. Еліміздің бірқатар аумақтарында жел кұшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, солтүстік-батыста түнде кей жерлерге тұман түсуі ықтимал. Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде  дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде  желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге жетіп,  екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының бірқатар аумақтарында түнде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады деген болжам бар, бұршақ жаууы да мүмкін, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 25 м/с-қа жетеді.  

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секунына 15-23 метрге жетеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрып,   Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысында күн қатты ысиды. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде