Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір жасар сәби жоғалды: анасының қылмысы әшкере болды
Жоғалып кеткен сәбиді екі күн бойы іздеген.
16:57 31.08.2019
Башқұртстандағы Исмаилова селосының 28 жастағы тұрғыны өзінің баласын қайда жерлегенін айтты. Бірнеше күн бойы ізделген сәбидің анасы қылмысын мойындады.
"2019 жылдың 29 тамызында күдікті өзінің бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген. Кейін үйінің жанында жерлеген", - деп жазылған хабарламада.
28 жастағы әйел баласын өлтіргенін мойындады. Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел қылмысын мойындап, баланың денесі жатқан жерді көрсетті. Әйел қамауға алынатын болады.
Башқұртстандықтар екі күн бойы Тимур есімді баланы іздеген болатын. Ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Анасы баланың жатқан жерінен жоқ болып кеткенін хабарлаған. Бүгін баланың денесі табылды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram