{metadescription}
Матчтан кейін атыс болып, 10 жасөспірім жарақат алды

Матчтан кейін атыс болып, 10 жасөспірім жарақат алды

АҚШ-тың Алаба штатының  Мобил қаласындағы стадионда болған атыс салдарынан 10 жасөспірім жарақат алды.

Қалалық полиция бастығы Лоуренс Баттист журналистерге мәлім еткендей, жұма күні кешкісін «Лефлор» және «Уильямсон» мектептерінің командаларының арасында америкалық фуболдан өткен матчтан кейін атыс болып, 15-18 жас аралығындағы 10 жасөсіпірім жарақат алды.

10 баланың бесеуі ауыр халде жатыр. Полиция басшысының айтуынша, атысқа төбелестің не басқаның себеп болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, ол полиция куәгерлерден оқиға орнында жауап алғанын жеткізді. Екі адам ұсталды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде