Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанның қақ ортасында асфальт опырылып түсті
"Астана су арнасы" МКК қауіпті учаскеде жөндеу жұмыстарын бастады.
Фото: Владислав Воднев
10:19 01.09.2019
Елордада Мәңгілік ел даңғылындағы 39 үйдің алдында асфальт опырылып түсті. Белгілі болғандай, кәріз құдығының айналасындағы диаметрі төрт метрге жуық асфальт опырылып түскен.
"Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қауіпті учаскеде жөндеу жұмыстарын бастады.
"31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні кәріз құдығы ауыстырылып, жол жабыны жөнделеді. Асфальттың опырылуына кәріз құдығының шайылуы себеп болған", - деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қалалық әкімшілік жөндеу жұмыстары кезнде Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы шектелмейтінін атап өтті.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram