Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әйелінен шаршаған ер адам барға басып кірген тонаушыға мән бермеді
АҚШ-та барды тонаушылардың жанында өзін сабырлы ұстаған келуші желі қолданушыларын таңғалдырды.
14:28 01.09.2019
Оқиға Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында Behrmann's Tavern ғимаратында болған. Барға қарумен кірген ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оны көре сала бармен және барға келушілер еденге жата қалады. Бірақ бір келуші ғана ештеңе болмағандай кейіп танытып, шылымын шегіп отыра берген.
Қарақшы оның телефонын алмақша болады. алайда, ол қарсыласып бермей қойған. Еш нәтиже шықпағасын әлгі ер адамды жайына қалдырады. Сөйтіп ары қарай ақша тонауға кіріскен.
Желі қолданушылары оны әлемдегі ең сабырлы адамға балады. Осы ретте журналист Дана Рейт оның әріптестері мекеме қожайынымен хабарласқанын айтты. Оның айтуынша, әлгі ер адам қарақшыға сұмпайы әйелге үйленгенін айтып, атып тастаса бәрібір екенін жеткізген.
Тіпті "Ал, қане ат!" деп ұрысқан. Бәрін таңғалдырған жергілікті тұрғынның өзінің айтуынша, ол қарақшыдан еш қорықпапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram