Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда көлік жардан құлап кетті
Ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады.
01:10 02.09.2019
Үш адам жарақат алған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді. Ол дәрігерлер тексерген соң апат болған жерге қайта оралды.
Оның айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан. Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлаған. Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды алып шыққан, деп жазады stan.kz
Ол өзгелерге қарағанда ауыр жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда бұл еш нәтиже бермеген. Ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін көз жұмды. Өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram