Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.
13:05 02.09.2019
Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.
"Біз сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтадық. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет. Бұл менің үкіметке беретін тапсырмам", - деді Президент жолдауында.
Еске салайық, Тоқаев бүгін алғашқы рет Қазақстан халқына жолдауын жариялайтынын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!