Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді
Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне аударуы тиіс 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасы 2023 жылы енгізілетін болды.
12:39 02.09.2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдырды.
"Бүгінде әлеуметтік жарналардың көлемі артып келеді. Бір жағынан ондай алым-салықтар зейнетақы және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Алайда бірқатар қауіп-қатер бар. Жұмыс берушілер жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақыны көтеруге деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін", - деді Тоқаев алғашқы жолдауын жариялау барысында.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік жарналар арта берсе, бизнес көлеңкелі сипатта істеп кетуі әбден мүмкін. Осыған байланысты үкіметке тиісті тапсырма берді.
"Мен үкіметке 5 процент көлеміндегі қосымша зейнетақы жарналарын аударуды 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Сол кезде тағы қарастыратын боламыз. Оған дейін үкімет, бизнес пен сарапшылар бір келісімге келуі тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram