Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада газ баллонынан 9 бала уланып ауруханаға түсті
5-сыныптың оқушысы өзімен бірге мектепке ата-анасы берген газ баллонын алып келген.
09:14 06.09.2019
Үзіліс кезінде газ баллоны сөмкесінен түсіп қалған көрінеді. Оның қасында өтіп бара жатқан сыныптасы баллонды басып кетіп, газ баллоны шашырап кеткен.
"Мектеп қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Балалардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Мамандар 9 баланы қарап тексеріп, медициналық көмек көрсетті", - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Оқыс оқиғадан кейін мектептерде қауіпсіздік ережелері туралы сынып сағаты өткізілетін болады.
«Балалардан жөтел, бас айналу, көзден жас ағу, әлсіздік белгілері байқалған. Барлық балалар маман тексеруінен өтіп, сараптамаға қан тапсырды. Қазіргі уақытта балалар №2 қалалық аурухананың қабылдау-диагностикалық бөлімінің жіті бақылауында», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram