Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
15 жасар қызды зорлаған күдіктінің беделді туыстары істі жаппақшы
57 жастағы Сырдария облысы Ширин қаласының тұрғыны көршінің қызын зорлады деген күдікке ілінді.
09:45 06.09.2019
Оқиғаны ести сала, Ресейден оралған жәбірленушінің үлкен ағасы күдіктінің туыстары тарапынан қысым көріп жатқанын айтады. Қалалық милиция бөлімінің өкілі қыздың ауруханаға түскенін, тергеу ісі басталғанын жеткізді.
– Қылмыс жасады деген айыппен 1962 жылы туған ер азамат күдікке ілінді. Ол бұрын сотталмаған, махалла тұрғындары арасында сыйлы болған. Меккеге барып келген, "қажы" деген атағы бар. Оған қатысты әзірге бұлтартпау шаралары қолданылмады. Ал жәбір көрген 2004 жылы туған Ж.Х. есімді қыз дәрігерлердің қарауында болды. Қазір оқуын жалғастырып жатыр, – дейді құқық қорғау органының өкілі.
Куәгерлер мен жәбірленушінің адвокатының сөздерінше, 57 жастағы С.Р. есімді азамат көршінің үйінде оқушы қыздан басқа ешкім жоғын пайдаланып, дуалдан секіріп, ауласына кірген. 15 жастағы шыңғырған қыздың дауысын естіп, көршілері барған. 57 жастағы "қажы" оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ көршілері оны ұстап, милиция шақырған. "Қыздың ата-анасының құлағы естімейді. Хаджи-бобо олар естімейді деп ойлады. Куәгерлердің бәрі арыз жаздық", – дейді сұқбат беруші.
Жәбірленушінің адвокаты Шерали Набиев құқық қорғау органдары "зорлау" бабын "бұзақылық" бабына ауыстыруға тырысып жатыр дейді. Қызға медициналық жәрдем көрсеткен дәрігерлер де қысым көріп жатқанын айтады.
– "Қажының" екі ұлы ірі кәсіпкер. Олар үй салумен айналысады. Жақында біреуі медаль алды. Олар ауруханаға келіп, бұл жағдайды тіркемеуді талап етіп, дәрігерлерге қысым көрсетіп кетті, – дейді жедел жәрдем станциясының дәрігері Ширин.
Қыздың ағасы Ёдгор да қарындасын зорлаған көршінің ұлдары сес көрсетті дейді. Жергілікті адам құқығын қорғаушы уәкіл Гули Умаралиева бұл жағдайдың бақылауға алынғанын, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, жазаланатынын айтты.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram