Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді.
Фото: stv-online.kz
11:47 06.09.2019
Жол апаты Өтеген батыр мен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Cresta көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол үстінде көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.
Оқиға саладарынан 1981 және 1988 жылы туған екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты. Toyota көлігіндегі қыз түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жол апатының мән-жайы мен кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram