Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Қытайдың 55 компаниясы көшіп келеді дегенге жауап берді
Бүгін елордада өтіп жатқан "Ұлттық кеңестің" алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кездері қоғамды дүр сілкіндірген Қытайдың 55 компаниясы көшіп келеді дегенге қатысты пікір білдірді.
12:05 06.09.2019
"Соңғы уақытта "жер шетелдіктерге сатылады екен" немесе "көрші елдің 55 ескі зауытын көшіреді, оған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен" деген сияқты қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымызды мұндай даңғазаға итермеу керек. Ондай алыпқашпа әңгімелерді жаман ойлайтындар таратады. Олар халықтың патриоттық ұстанымына шебер манипуляция жасап отырады", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Оның айтуынша, мұндай айла-шарғы геосаясаттың бір бөлігі екенін түсіну керек, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру.
"Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, басты назарда болады. Шетелдік инвестициялар тек қажетті салаларға ғана тартылады. Жалпы, шетелдік инвестицияларсыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмаймыз. Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдер инвестиялардың арқасында жетістікке қол жеткізді ", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда биыл Тоқаевтың жарлығымен маусымда құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram