Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе қайтыс болды
Зимбабве Республикасының бұрынғы президенті Роберт Мугабе 95 жасында қайтыс болды.
12:33 06.09.2019
Мугабе Сингапурда отбасының ортасында, соның ішінде жұбайы Грейстің қасында ауруханада көз жұмды.
«Өкінішке орай, біз одан айырылып қалдық. Біз бұл күн ешқашан келмейтін болар деп үміттендік. Ол жақсы өмір сүрді», - деді Мугабе билігі кезіндегі бұрынғы министрі.
Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бастап 2017 жылға дейін басқарды. 2014 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін ол әлемдегі ең кәрі мемлекет басшысы болды.
2017 жылдың 18 қарашасында елде Мугабе билігіне қарсы жаппай наразылық акциялары өтті. 2017 жылғы 21 қарашада Роберт Мугабе әскери билік пен ZANU-PF "Зимбабвенің ұлттық одағы" Патриоттық фронты басшылығының қысымымен президент қызметінен кеткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram