Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысының таулары тағы да өртенді
Алматы облысының тауларында тағы да дала өрті шықты.
12:57 06.09.2019
Куәгерлер Талғар қаласы маңындағы қызыл жалын видеосын әлеуметтік желілерге жүктеп дабыл қаға бастады.
«Оқиға кеше кешкісін болған. Талғар маңындағы тауларда құрғақ шөп өртенді. Аумағы шамамен 10 гектар. Елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ. Тілсіз жаумен күресуге төтенше жағдай қызметкерлерімен жергілікті атқарушы билік өкілдері жұмылдырылды. Сондай-ақ жалынды ауыздықтауға түнде жауған жаңбыр да өз үлесін қосып, өрт 21.14 толығымен өшірілді», - деп Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
Сондай-ақ мамандар өңірде өрт қауіпті кезең сақталып тұрғанын ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram