{metadescription}
Қазақстандық гимнастар Грузиядағы турнирден 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Грузиядағы турнирден 6 медаль жеңіп алды

2-7 қыркүйек аралығында Грузияның Батуми қаласында спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Латвия, Украина, Иран және Қазақстан спортшылары қатысты.  Жасөспірімдер додасында шымкенттік Көркем Ербосынқызы қол тіреп секіруден күміс жүлдегер атанды. Ал қарағандылық Камилла Добровольская қол тіреп секіру мен еркін жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізді.

Ерлер арасындағы еркін жаттығудан Роман Маменов (Павлодар) қола медаль жеңіп алды. Шымкенттік Эмиль Ахмеджанов гимнастикалық керме мен қол тіреп секіруден жеңіске жетті.   

Дереккөз: olympic.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.