{metadescription}
Оралда қарт анасы мен ұлы өлі табылды

Оралда қарт анасы мен ұлы өлі табылды

Куәгерлердің айтуынша, үйдің терезесін біреу ашқан көрінеді.

Оралда жеке тұрғын үйден егде жастағы анасы мен ұлының өлі денесі табылды. Деректер бойынша, мәйіттер бүгін, 7 қыркүйекте сағат 16:30 кезінде табылыпты. Көршілердің сөзіне сүйенсек, жеке тұрғын үйде қарт әйел мүгедек баласымен бірге тұрған екен.

"Мейірімді, жақсы адамдар еді. Жақын араласатынбыз, сенбі сайын моншаға шақыратынмын, бүгін де шақырайын деп едім, келсем осындай жағдай. Өте өкінішті", - дейді көршілердің бірі.

Орал қаласының полиция басқармасы басшысы Мирлан Айкенов атап өткендей, мәйіттердің табылғаны туралы хабар түстен кейін төрт жарым кезінде түскен.

"1934 жылы туған әйел мен 1959 жылы туған ер адамның денесі табылды. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Олардың өліміне не себеп болғанын сараптама көрсетеді", - деді Айкенов.

Куәгерлердің айтуынша, үйдің терезесін біреу ашқан көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.