Винокуров Францияда әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы және «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің жас санаты бойынша Ниццада (Франция) Ironman 70.3 әлем чемпионатында жеңіске жетті.
10:20 09.09.2019
45 жастағы қазақстандық жігіт қашықтықты (жүзу, велосипед және жүгіру) 4 сағат 28 минут 47 секундта еңсере алды. Оның жас санатына 507 адам қатысты. Сонымен бірге Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 әлем чемпионатының 3434 қатысушысы арасында 93-орынға ие болды.
Винокуров бұған дейін BI Group Ironman 70.3 Astana өз жас санатында Нұр-Сұлтанда жеңіп алған болатын. Бұл жеңіс Олимпиада чемпионына велоспорттан келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама алып келді.
Сонымен қатар, «Астана» велокомандасының бас менеджері маусымның тағы бір үлкен стартында - 12 қазанда өтетін Кайлуа-Кона қаласында (Гавайи) Ironman 140.6 Әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Дереккөз: stan.kz