{metadescription}
Елімізде латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді

Елімізде латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді

Диктант барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталады.

10 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде латын графикасы негізінде жалпықазақстандық диктант өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәлім етті. Диктант барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталады. Елордада акция ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) өтеді.   

«2019 jyl – Jastar jyly» аталатын шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту. «Оған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттер қатысады», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде