Зайсан көлінде балықшылар із-түзсіз жоғалып кетті
Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр.
14:11 10.09.2019
Із-түзсіз жоғалып кетті. 6 қыркүйек күні көлге шыққан балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста. Жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы ғана табылды. Құтқарушылар: "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам айтады. Ал куәгерлердің сөзінше, 26 жастағы балықшы мүлдем жүзе алмайды екен.
Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!