{metadescription}
Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

Alibaba компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Джек Ма отставкаға кетті.

Бұл қызметте оның орнын Дэниэл Чжан алмастырады. Alibaba компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма 10 қыркүйекте ресми түрде қызметінен кетті. Ол өзінің отставкаға кететіні туралы бір жыл бұрын ескерткен еді.

Ендігі компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметін бас директор Дэниэл Чжен атқарады. Алайда  Джек Ма компанияда стратегиялық шешімдерді қабылдауда маңызды рөл атқаратын болады. Маның отставкаға кетуі оны 55-інші туған күні мен Қытайдағы Мұғалімдер күніне сәйкес келді. Кәсіпкердің өзі компанияның негізін қалағанға дейін мектеп мұғалімі болған. Ол отставкадан кейінгі болашағын білім берумен байланыстырады және қайырымдылықпен айналысуға ниетті. 

Alibaba компаниясы 1999 жылы құрылған. Ол электронды сауда және цифрлық төлемдермен айналыстаын ең ірі компаниялардың бірі атанды. Кәсіпкердің өзі де үлкен жетістікке жетті: Джек Ма Қытай мен бүкіл әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.