{metadescription}
Елордада шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталды

Елордада шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктің тұтқындалған сәтінің видеосын жариялады. Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Алматы» ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Шенеунік пара алды және жекеменшік компания директоры аталған тұлғаға пара берді деп күдіктелуде. 

«Аудан әкімінің орынбасары жекеменшік компанияның директорынан ауданның жарықтандырылуына қатысты қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою барысында жасаған қорғаншылығы үшін 5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғастырылуда», - делінеді хабарламада. 

Сот күдіктілердің кінәсінің деңгейін анықтап, соңғы үкімді шығаратын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.