{metadescription}
Павлодарда Иегово куәгерлері балаларына екпе салдырудан бас тартты

Павлодарда Иегово куәгерлері балаларына екпе салдырудан бас тартты

Павлодар облысының Ақсу қаласында 52 отбасы діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартты.

Дәрігерлер мұның қауіпті екенін айтып отыр. Алайда Иегова куәгерлері дәрігерлерді табалдырығынан да аттатпады. Иегова куәгерлерінде конгресс өтіп, шетелдік қонақтар да келген. Жалпы саны 250 адам жиналған жиын кезінде дәрігерлер оларды екпеден бас тартпауға шақырмақ болған.

Алайда олардың сөзін ешкім тыңдап жатпады. Белсенді жастардың да діни ағымның жетегінде кеткендерге қояр сұрағы болған: Иегова куәгерлері діни көзқарасына байланысты әскери борышын өтеуден мүлдем бас тартқан. Алайда дәрігерлер де, жастар да өз сұрақтарының жауабын ала алмады.

«Иммунды емес тұлғалар өте көп. Әрине, ол бала ауырып қалды. Бұл баяу жарылатын бомба сияқты: артынша басқалары да жұқтырып, ауырады. Сондықтан мұнда екпе салу мәселесі ғана емес, өзгелерге қауіпті екені деп сөз болып отыр», - дейді эпидемиолог дәрігер Татьяна Лоренц.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.