Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Назарбаев Бауыржан Байбекке тапсырма берді
Байбек Назарбаевқа партия жұмысын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.
18:31 11.09.2019
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Бауыржан Байбек Қазақстанның тұңғыш президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, Елбасыға "Jas Otan" жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берді. Бұдан бөлек, Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді.
"Кездесу соңында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекке бірқатар нақты тапсырма берді", - деп хабарлады Елбасының ресми сайты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram