Прагада жұмыс істейтін қазақстандық көз жұмды
Қазақстан азаматы Чехия астанасы Прагада қайтыс болды.
01:07 12.09.2019
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстандық дипломаттардың чехиялық Wunderman компаниясымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде Алпысбаев жұмыс істеген компания мүрдені Қазақстанға жеткізумен байланысты барлық шығындарды өтейтін болды», - делінген министрлік баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматының мүрдесін Прагадан Алматыға жеткізу үшін әуе компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары