{metadescription}
Ақмолада жүк көлігіне соғылған жеңіл автомобиль өртеніп кетті

Ақмолада жүк көлігіне соғылған жеңіл автомобиль өртеніп кетті

Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолының бойында «КамАЗ»-ға соғылған жеңіл көлік өртеніп кетті.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға осыдан бір сағат бұрын «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолының бойында орын алды.

«Көкшетауға бағыт алған «Рено» автокөлігі бір бағытта жүріп келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылды. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі рульде қалғып кеткен», - деп түсіндірді ведомстводан.

 «КамАЗ» жүргізушісі жеңіл көліктің жүргізушісін сыртқа алып шықты, алайда, көлігін құтқару мүмкін болмады. Көлік лезде өртеніп кетті.

«Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде», - деп толықтырды ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.