{metadescription}
ММА чемпионы дәмханадағы төбелестен кейін көз жұмды

ММА чемпионы дәмханадағы төбелестен кейін көз жұмды

Аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, кикбоксингтен әлем чемпионы Муслим Омонов Ташкентте топтық төбелес кезінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды.

Спортшы небәрі 23 жаста болған. Ол өз карьерасында ММА-дан Өзбекстан біріншілігінде 7 рет жеңіске жеткен. Оқиға қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні орын алған. Түнгі сағат 00:50-дің шамасында Юнусабад ауданындағы дәмханадан екі жастар тобының арасында жанжал туындапты. Әрі қарай олар сыртқа шығып, Шайхантахур ауданына жетіп, сол жерде төбелес шығарады. 

Төбелеске қатысқан үш жігіт, соның ішінде Муслим Омонов, жарақат алып, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер қолдан келгенше көмек көрсеткенімен, спортшы көз жұмды. Өзбекстанда аталған дерек бойынша «Қасақана ауыр жарақаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. МІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.