Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан президенті Қытайда Джек Мамен кездесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екі күндік мемлекеттік сапары аясында Ханчжоу қаласына келді. Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысы инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының қызметімен танысады. «Сонымен қатар, бағдарламаға Alibaba кеңсесіне бару және Джек Мамен кездесу, сондай-ақ Қытай ұлттық шай мұражайы мен Лэйфенг пагодасына бару жоспарланған», - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
13:39 12.09.2019
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!