{metadescription}
Астанада жеңіл көлік отқа оранды

Астанада жеңіл көлік отқа оранды

Елорданың Қонаев және Тұран көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz SL 55 көлігі өртенді.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты. 

«12 қыркүйек күні сағат 12:37-де «101» пултіне Қонаев пен Тұран көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz SL 55 автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеткен кезде көліктің  қозғалтқыш бөлігі және салоны жартылай жанып жатқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 12:46-да сөндірілді», - деді ол. 

Ресми өкілдің дерегінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде