{metadescription}
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бір жарым жасар қызын ұрлап кеткен

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бір жарым жасар қызын ұрлап кеткен

Оқиға бүгін, 13 қыркүйекте болған. 

Полиция мәліметінше, қаланың 23 жастағы тұрғыны бұрынғы күйеуімен ұрысып қалып, оның ұрып-соққанын хабарлаған. Артынша 26 жастағы ер адам бір жарым жасар қызын белгісіз бағытқа алып кетіпті.

Абырой болғанда, полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында сәбиді тапты. Қазіргі уақытта ол анасының жанында. Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 125-бабына (Адам ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні тұтқындау бойынша шаралар жүргізуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде зейнеткер несие алып отырып көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде