{metadescription}
Пәтер өртеніп, 8 адам ажал құшты

Пәтер өртеніп, 8 адам ажал құшты

Ресейдің Красноярск өлкесінде тұрғын үйде шыққан өрттен сегіз адам, соның ішінде төрт бала қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС-қа дүйсенбі күні РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. 

«Мәскеу уақытымен 22:26-да Красноярскте Гусаров көшесінде көпқабатты пәтерден өрт шықты. Сегіз минуттан кейін алғашқы өрт сөндіру бөлімі жеткен соң үшінші қабаттың терезесінен ашық жалын байқалған. Өртті ауыздықтау барысында сегіз адамның, соның ішінде төрт баланың денесі табылды», - деді ведомстводан. 

ІІМ-нің өңірлік басқармасында полицияның тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. 

«Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, мән-жай анықталуда», - деді басқармада. 

Өңірлік жедел қызмет дереккөзінің мәліметінше, өрт отты абайсыз қолдану немесе қысқа тұйықталу салдарынан тұтанған. Жалын елорда уақытымен 01.04-те ауыздықталып, 01:36-да сөндірілген. Жалпы, 40 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде