Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер адам жоғарыдан акуланы байқап, серферді құтқарып қалды
Австралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатында ер адам су үстіне дронды жіберіп, акуланы байқап қалды.
18:22 19.09.2019
Осылайша серферді акуланың шабуылынан құтқарып қалды. Оқиға 15 қыркүйек күні болды. Кристофер Джой жағажайдың біріне дрон жіберді. Ол ұзындығы 3,5 метр болатын акуланы байқап қалды. Ер адам дереу динамиканы қосып, серферге белгі береді.
Спортшыға жақын арада жыртқыш жүргенін айтады, деп жазады stan.kz. Серфер ескертулі естіп, тақтайшасымен жағалауға беттейді. Ал, акула әрі қарай сүңгіп кетті.
"Бұл мүмкін әлемдегі динамика арқылы ескерту жасап, адамды өлімнен арашалап қалған алғашқы оқиға шыған", - деді Джой.
Ол бос уақытында дронды жіберіп, акулаларды іздейді. Ол құралды серферлер мен суға түсушілерді жыртқыштан құтқару үшін арнайы сатып алғанын айтты. Айтуынша, видеода жіңішкетісті акула мен үлкен ақ акула. Екеуі де адам үшін өте қауіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram