Шахтада алтын іздеуші екі адам қаза тапты
Өзбекстанның Самарқанд облысы аумағында мемлекеттік резервтегі "Каракутан" шахтасында алтын іздеген екі азамат қаза тапты.
08:51 20.09.2019
Пахтачи ауданындағы шахтада алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан үш азаматты тас басып қалды.
"Адамдар көмекке келіп, оларды шахтадан шығарып алған. Бірақ екі адам мерт болған, үшіншісі ауруханаға жеткізілді", - деді куәгерлердің бірі.
Өзбекстанның бас прокуратурасы шахтада заңсыз алтын өндірумен айналысқан екі адамның мерт болғанын растады. "Каракутан" кенінде кезінде алтын өндірілген. Қазір мұнда жұмыс тоқтап тұр. Пахтачи ауданы тұрғындарының айтуынша, аймақта жұмыссыздардың 70 пайызы алтынды заңсыз өндірумен айналысады.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!