Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтерлерді тарату жоспары туралы айтып берді.
13:45 20.09.2019
«Биыл 6 мың пәтер беріледі деген жоспар болған. Бірақ оның саны артайын деп тұр. Қазірдің өзінде 2 813 жалдамалы баспана берілді. Жыл аяғына дейін осы санаттағы пәтерлердің санын 8 мыңға жеткіземіз деген ойымыз бар», - деді Өскенбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жыл сайын орташа есеппен 6 мың жалдамалы пәтер салынса, 2025 жылға дейін осы санаттағы 40 мың баспананы таратуға болады. Осылайша, әкімдік кезегінде тұрған барлық көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамыз етуге мүмкіндік бар. Бұл мақсаттарға 7 жылға 350 миллиард теңге (немесе жыл сайын 50 миллиард теңге) қарастырылған. Сондай-ақ, ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2% көлемінде қосымша несие берілетінін айтты.
«Бұл жыл сайын 5000 отбасының өмір сүру жағдайын жақсартады. Жеңілдетілген ипотекалық несиелердің қол жетімділігін арттыру үшін тұрғын үй заңнамасында тұрғын үй сертификаттарын беру тетігі қарастырылған. Сәуір айында тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 45,6 млрд теңгеге 4434 өтінім қабылданды. Оның ішінде 24,9 млрд теңгеге 2382 өтінім мақұлданды», - дейді Қайырбек Өскенбаев.
Биыл 30 сәуір күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалдамалы тұрғын үй беру мәселелерін реттеу бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
Айта кетейік, Қазақстанда жалдамалы пәтерлер бірнеше санат бойынша беріледі. Олар – табысы төмен көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан осал топтар және жұмыс істейтін жастар. Жастар үшін бөлек бағдарлама бар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер таратылады. Сөйтіп, биылдан бастап жұмыс істейін жастарға әрбір қалада 1 000 пәтер беріледі. Бұған дейін осы бағдарламаның шарттары жарияланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram