{metadescription}
Шамалғандағы апат: Зардап шеккен балалар ауыр халде жатыр

Шамалғандағы апат: Зардап шеккен балалар ауыр халде жатыр

Алматы облысының Шамалған стансасында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен балалар әлі де ауыр халде жатыр.

Бұл туралы алматылық дәрігерлер мәлім етті. 3 және 5 жастағы қыздар Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК-ға жеткізілген болатын.

«Оларға өкпені жасанды тыныстардыру аппараты қосылды. Тиісті ем-домды толықтай алып жатыр», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Екі баланың анасы да апаттан зардап шеккен еді. Ол қалалық №7 клиникалық ауруханаға жеткізілген. 

«Әйелдің бірнеше жерінен сүйегі сынған. Миы шайқалған. Жағдайы «орташа» деп бағаланып отыр. Оны қазір отаға дайындап жатырмыз», - деді медицина мамандары.

Еске салайық, қайғылы оқиға 15 қыркүйек күні болды. Кешкі сағат 19:30-да Шамалған стансасында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде