Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еліміздің 5 облысында үсік жүреді
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста күн суытып, ауа райының күрт бұзылатынын ескертеді.
01:18 22.09.2019
22 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 22 қыркүйекте кей уақытта найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде 25 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.
Нұр-Сұлтан қаласында 22 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.
"23 қыркүйекте Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 24 қыркүйекте түнде кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), 1-3 градус үсік күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында.
23-24 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қыркүйекте түнде кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), 1-3 градус үсік күтіледі.
23-24 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram