Жалақысын алу үшін жұмысқа кеткен жігіт табылмай жатыр
Алматыда 24 жастағы Берік Ғаббасов із-түзсіз жоғалып кетті.
08:36 24.09.2019
Ол жалақысын алу үшін жұмысқа кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Туыстарының сөзінше, Берік 20 қыркүйектен бері хабарласпаған. Ол жалақы алу үшін жұмысына кетіпті. Алайда содан бері хабарсыз. Туыстары оның соңғы уақытта түрлі дүкендерде өлшеуші болып жұмыс істегенін айтады.
«Соңғы жұмыс істеген жеріне бардық. Алайда ол жердегілер мұндай қызметкердің жоқ екенін, ешқашан болмағанын айтты», - дейді жоғалып кеткен жігіттің туысы.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары