{metadescription}
Такси жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып мерт қылды

Такси жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып мерт қылды

Ақмола облысында такси жүргізушісі жаяу жүргіншіні «Лада Гранта» көлігімен қағып кетіп мерт қылды.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 20-шы қыркүйек күні сағат 14:45 шамасында облыстағы аудан орталықтарының бірінде болған. Тергеу амалдары кезінде анықталғандай, ауылдың 59 жастағы тұрғыны жолдан жүгіріп өтпек болған. Сол кезде, жақын келіп қалған көлік оны қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел ауруханаға алып бара жатқан кезде жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Лада Гранта» көлігінің жүргізушісі бұрын ҚР ҚК 293 бабының 3 бөлігі бойынша сотты болғаны және сараптама қорытындысына сай оқиға болған кезде алкогольдік ішімдік ішпегені анықталды.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - дейді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.