Америкалық миллиардер Баррон Хилтон ұрпағына мұра қалдырмастан көз жұмды
Атақты миллиардер, Hilton қонақ үй желісінің иесі Баррон Хилтон 91 жасында қайтыс болды.
12:05 24.09.2019
Бұл туралы оның немересі Пэрис Хилтон хабарлады.
«Ол аңызға айналған, жарқын, әдемі, мейірлі және жетістіктер мен оқиғаларға толы өмір сүрді», - деп жазды Пэрис Хилтон өзінің Твиттерінде.
Баррон Конрад Хилтон қонақүйлер желісінің негізін салушының ұлы болды. Ұзақ уақыт бойы ол Hilton Hotels Corporation бас директоры қызметін атқарды. Мансап жолында ол қонақ үйлер санын көбейтіп, миллиардер атанды. Бұған дейін, миллиардер әкесінің жолымен жүретінін мәлімдеді. Ол 2007 жылы 2,3 миллиард долларға бағаланған мүліктің 97 пайызын Конрад Хилтон қорына қалдыратынын айтты.
Осылайша белгілі кәсіпкер өз ұрпағын қаражатты иелену мүмкіндігінен айырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!