Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әуежай қызметкері 13 жастағы қыздан бәрінің көзінше орамалын шешуді талап етті
13 жастағы Фатима Абдельрахманның отбасы Air Canada компаниясын хиджабты шешуді талап еткені үшін сотқа берді.
14:36 24.09.2019
Қыз Сан-Франциско халалықаралық әуежайынан Торонтоға сквош жарыстарына ұшуы керек еді. Әуежай қызметкері одан хиджабты шешуді өтінді, өйткені төлқұжаттағы фотода ол орамалсыз бейнеленген.
Абдельрахманның айтуынша, барлық жолаушыларды ұшаққа кіргізіп, өзін алып қалған. Ол мұны кемсітушілік деп атады. Спортшы қыз жеке бөлмеге кіргізіп, хиджабты шешіп тексеруін сұраған, бірақ олай болған жоқ. Мұсылман қыз орамалын бәрінің көзінше шешіп тастау керек болды деп шағымданды.
Оның айтуынша, хиджабта оны бет-жүзі анық көрінеді, сондықтан оны шешудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол рейсте шляпамен отырған жолаушы болғанын, оның шляпасын шешуді талап етпегенін айтты.
Air Canada бұған қатысты түсініктеме бермеді, бірақ отбасы электронды пошта жіберілген деп мәлімдейді. Әуе компаниясы қыздың ата-анасына бұл оқиғадан кейін өзінің саясатын өзгерткенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram