{metadescription}
Жігіт биіктен секіріп өлмек болған мектеп оқушысын құтқарып қалды

Жігіт биіктен секіріп өлмек болған мектеп оқушысын құтқарып қалды

Мәскеуде «Яндекс. Тағам» компаниясында жұмыс істейтін тәжікстандық жігіт ерлік жасады.

Ол өзіне қол жұмсамақ болған мектеп оқушысын құтқарып қалды. Деректер бойынша, Бахром Гуломкадыров тапсырыс берілген тағамды жеткізу кезінде көпқабаттың үйдің терезесінен секіргелі тұрған жасөспірімді көреді. Ол пәтердің ішінде тұрған анасымен ашуланып сөйлескен. 

Мұндай жағдайға куә болған Бахром бірден көмекке асығып, құбыр арқылы жоғарыға өрмелеп шығып, жасөспірімді пәтерге кіргізді.

«Мұнан кейін ол баламен ұзақ сөйлесіп, тыныштандырды. Оқушының тынышталғанына көз жеткізгеннен кейін жұмысына оралды», - делінеді басылымда.

Бахромның ерлік әрекеті туралы жасөспірімнің анасы айтып берген. Әйел жас жігіт жұмыс істейтін компанияға хабарласып, оның ерлігі туралы айтып, алғыс білдірген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.