Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады
21 қыркүйектен бастап сұранысқа ие 28 бағыт бойынша теміржол билеттері қымбаттады, ал 11 бағыт бойынша бұрынғы баға қалып отыр.
18:31 25.09.2019
Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. Әлеуметтік маңызды 39 бағыттың 28-інің бағасы көтерілді.
Қазақстан темір жолы компаниясының мәліметінше, 11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:
1. № 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағыты;
2. № 021/022 Қызылорда – Семей бағыты;
3. № 313/314 Атырау – Маңғыстау бағыты;
4. № 339/340 Павлодар – Пресногорьковская бағыты;
5. № 373/374 Алматы – Жезқазған бағыты;
6. № 377/378 Алматы – Маңғыстау бағыты;
7. № 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық бағыты;
8. № 085/086 Қарағанды – Сарыағаш бағыты;
9. № 021/022 Алматы – Семей бағыты;
10. № 22/6941/6942/21 Алматы – Достық бағыты;
11. № 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда бағыты.
Еске салсақ, биылғы жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда теміржол билеттерін қайтарған кезде салынып келген айыппұл алынып тасталды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram