{metadescription}
Дәрігерлер рактан да қауіпті бес ауруды атады

Дәрігерлер рактан да қауіпті бес ауруды атады

Тізімге бұлшықет пен сіңір біртіндеп сүйекке айналып кететін дерт те енген.

Ауру салдарынан терінің асты тығыздалып кетеді. Оларды алып тастаудың пайдасы жоқ. Өйткені біраз уақыттан соң сүйек қайта өсе бастайды. Дәрігерлер адам өмірі үшін аса қауіпті бес сырқатты атады.

Бұл дерттер онкологиялық сырқатқа қарағанда, әлдеқайда ауыр. Өйткені ертерек анықталған қатерлі ісік емделеді. Ал бұл сырқаттарды емдеу мүмкін емес. Олардың бірі - Крейтцфельдт-Якоб ауруы. Сырқат миға және жұлынға зақым келтіреді.

Екінші орында – ұйқысыздық. Бұл жеті айдан үш жылға дейін созылатын генетикалық ауру. Сырқат кезінде адам біртіндеп "өле" бастайды. Көзіне неше түрлі нәрсе елестейді.Дәрігерлер құтыру ауруын да осы тізімге енгізіп отыр. Бұл дертке шалдыққан жануардан жұғады. Егер екі апта ішінде вакцинация жасалмаса,  жүрек пен тыныс алу жолдарына зақым келеді.

Аса қауіпті аурулардың бірі – геморрагиялық Марбург безгегі. Инфекция зақымданған тері арқылы ағзаға түседі. Адамның дене қызуы көтеріліп, іші ауыра бастайды. Ал екінші аптада науқас инфекциялық уланудан көз жұмады. Тізімге енген бесінші дерт "прогрессивті фибродисплозия" деп аталады. Оның салдарынан бұлшықет пен сіңір біртіндеп сүйекке айналып кетеді. Терінің асты тығыздалады. Оны алып тастаудың пайдасы жоқ. Өйткені сүйек қайта өсе бастайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.