{metadescription}
Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алматы облысында Көктал - Сарыөзек тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты.

Жол апаты 28 қыркүйекте таңғы 5.50 шамасында "Көктал - Сарыөзек" трассасының 140-шақырымында болған. Toyota Camry-30 және Mazda-626 маркалы автокөліктер бір--біріне соғылған.

Оқиға орнында үшеуі қайтыс болып, түрлі жарақат алған алты адам Сарыөзек ауруханасына жеткізілген. Ауруханаға түскендердің тағы бірі реанимация бөлімінде қайтыс болған. Полиция "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде