{metadescription}
Атырауда автобус жүк көлігімен соқтығысып,  12 адам жарақаттанды

Атырауда автобус жүк көлігімен соқтығысып, 12 адам жарақаттанды

Атырауда маршруттық автобус жүк көлігімен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін 11:35-те Нұрсая шағын ауданында болды. Машруттың автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде хабарланғадай, оқиға орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.