Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тайвандағы үлкен көпір опырылып түсті
Салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті.
08:36 02.10.2019
Тайванның шығысындағы Илань уезінде үлкен көпір опырылып түсті. Салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті. Тағы 6 адам іздестірілуде. Балықшылардың қайықтары суға батты. Көпір опырылар сәтте оның үстімен бензовоз өтіп бара жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, көлік көпірмен бірге құлап, өртеніп кеткен. Құтқарушылар кем дегенде 14 адамның зардап шегіп, тағы 6 адам іздестіріліп жатқанын айтады. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі "Митаг" тайфуны жүріп өткеннен кейін көпір құлаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram