Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркияға барған әйел қонақ үйден бір шабадан тамақ ұрламақ болды
Түркияның Манавгат қаласына демалуға барған ресейлік әйел үш жұлдызды қонақ үйден бір шабадан тамақты ұрлап әкетпек болды.
11:12 02.10.2019
Ол, тіпті, су құйылған шөлмектерді де салып алыпты. Алайда оның қонақ үй қызметкерлері оның мұндай жолмен «баюына» кедергі келтірді. Қонақ үй қызметкерлері әйелден шабадандарын ашып көрсетуін сұрапты. Алайда олардың бірі тамаққа толы болып шыққан. Әйел шабаданға судан бөлек, қонақ үй мейрамханасында әзірленген таңғы асқа арналған тағамдар, жемістерді салып алған. Өз кезегінде қонақ үйдегілер мұндай жағдайдың алғаш рет болып отырмағанын жеткізді. Туристердің дені «бәрі қосылған» жүйесін дұрыс түсінбейді, дейді.
«Біздің қонақ үйге келген қонақтар қалағанынша ішіп-жей алады. Алайда тамақты сөмкелеп тасудың керегі не? Біз мұны түсінбейміз», - дейді қонақ үй әкімшісі.
Нәтижесінде ресейлік әйел шабаданға салып алған тағамдарын алып кете алмады. Қонақ үйдегілер де оны жазаламады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram