Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жиналысқа бара жатқан 4 мұғалім жол апатынан қаза тапты
Ферғана облысының Дангара ауданында төрт мектептің директорларының орынбасарлары жол апатына ұшырап, ажал құшты.
11:47 03.10.2019
Олар түнгі селекторлық жиналысқа қатысу үшін облыс орталығына бара жатқан. Алайда елдің ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Ведомствоның ақпаратынша, бұл күні хокимиятта ешқандай жиын жоспарланбаған. Жолаушылар Қоқан қаласына жеке шаруаларымен бара жатқан.
Мәліметке қарағанда, оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған. Дереккөздің хабарлауынша, көлікті басқарып бара жатқан №26 мектеп директорының орынбасарының көзі ілініп кетіп, көлік жол жиегіндегі электр бағанасына соғылған.
Апаттан кейін көліктегі газ жабдығы жана бастаған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған №26 мектеп директорының орынбасары көз жұмды. Дереккөз мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен алданда отырған № 38 мектеп директорының орынбасары сол жерде қаза тапқан. Артта отырған № 24 және № 27 мектеп директорларының орынбасарлары ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
"Түнгі жиналыс сақал қою мен хиджаб киюге қарсы кампанияға арналған. Оларға жиналыстың түнгі бірде болатыны айтылған, олар түнгі 11 шамасында Дангара ауданынан шыққан. Қоқан қаласынан өтіп бара жатып, жүргізуші ұйықтап кетіп, жолдан шығып кеткен", - деді қаза тапқандардың бірінің туысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram